Елімізде атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді.

Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылында мектеп ғимаратында өтеді. Бұған дейін қоғамдық тыңдау 28 ақпанға жоспарланған еді, бірақ кейін шегерілді. Нысанда құрылыс-монтаждау 2034 жылы аяқталып, ал 2035 жылы станция пайдалануға беріледі деп болжанып отыр.