Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында туындаған тұрмыстық жанжалға қатысты мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, салдарынан бір учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан заңбұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды», – деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу басталған. «Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқан.