Алматыда сабын көбігіне айналған өзеннің видеосы жарияланды

Алматыда сабын көбігіне айналған өзеннің видеосы жарияланды. Экологтар оқиға орнына барған. Алайда өзеннің неге көбікке айналғанын анықтай алмаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик kris_p_kz тобында пайда болды. Кадрлардан өзенді су сабын көбігі бастып тастағанын көруге болады. 23 шілдеде әлеуметтік желілерде Алматының Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінде көбік пайда болғаны түсірілген видео жарияланды. Экология департаментінің қызметкерлері оқиға орнына дереу аттанды. Барған кезде су таза болды.

Тау суының сынамаларын алдық. Тұрғындар арасында сауалнама жүргізе бастадық. Тұрғындардың айтуынша, экологтардың келуінен бір-екі сағат бұрын өзенде сондай көрініс болған”, – деді Зулфухар Жолдасов.Комитет төрағасы заң бұзушылық тіркелсе, “мемлекеттік қызметкерлер де, жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да” жауапқа тартылатынын атап өтті.