Төтенше жағдайлар министрі отставкаға кете ме?

Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрттен кейін өзін отставкаға кету керек деп санайтын қазақстандықтардың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл сауалға қатысты жауап берген министр шешімді тек басшылық қабылдайтынын атап өтті. “Мен туралы шешімді тікелей басшылық – үкімет пен мемлекет басшысы қабылдайды. Егер олар мені құзыреті жеткіліксіз деп есептеп, отставкаға жіберу туралы шешім қабылдаса, мен тиісінше отставкаға кетемін”, – дейді ТЖМ басшысы. Еске сала кетейік, Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті бір аптадан астам уақыт бойы сөндірілді. Өрт 43 мың гектарға жуық орманды шарпыды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды.