БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында “Әл-Бахр” сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.