Президент жарлығының тиісті жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Мемлекеттік стипендияның атауынан тұңғыш президент – Елбасы деген сөз алынып тасталады. Оны жай ғана мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия деп атау көзделген. Мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендия айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Қазақстанда биыл 1 АЕК 3 063 теңгеге тең. Құжат 15 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.