Маңғыстаудағы Шетпе-Қызан жолының құрылысы он жылға созылды

Фото: yandex.kz

Бұл бағыттың жалпы қашықтығы 110 шақырым. Соның 25 шақырымы қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Шалғайдағы елді мекенде 1 мыңнан астам адам тұрады. Қызандықтар жұмысқа баруға немесе дүкендегі азық-түлік қорын толтыру үшін Шетпеге күнде қатынайды. Бұл жолдың алғашқы бөлігі 2014-2016 жылдары қайта төселді. 2-кезеңі сол уақыттан бері жалғасып келеді. Әлі 60 млн теңге керек. Бұл қаражат мердігер мекеме шотына түссе, осы бөліктегі жол құрылысын тездетіп аяқтауға дайын. Жалпы трассаны толық жөндеу үшін 3 млрд астам қаржы қажет. Оны бірден беруге бюджет көтермейді екен.