Бұған қатысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко пікір білдірді. «Алдағы 13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Оған «Талибан» сауда министрлігінің басшысы Нұреддин Азизи де шақырылып отыр. Ол кісі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясында емес, – деді ол. Сыртқы істер министрінің орынбасары бұған дейін Нұреддин Азизи Астанаға 2023 жылы сауда мәселелері бойынша екіжақты келіссөздерге келгендігін айтты