Наурыздың бірі елімізде әуе рейстері бір сағатқа ерте ұшады

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты пойыз және ұшақ жолаушыларына хабарландыру жасалды. Ақпанның 29-нан наурыздың 1-не қараған түні сағат 00:00-де еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. “Пойыздар билетте көрсетілген уақытқа сай келеді және жөнелтіледі. 1 наурыз сағат 00:01-ден басталатын әуе рейстері билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалады», – делінген хабарламада.