Артынша қоймадан өрт шықты. Сіргелі ауданындағы жарылыстан зардап шеккендер бар. Желілердегі бейнежазбаларда үй мен басқа да заттардың қатты зақымданғанын көруге болады. Тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндіру жалғасып жатыр. ТЖМ оқиғаның ұшақ апаты салдарынан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, жарылыстан зардап шеккендер Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облысындағы филиалына жеткізілген. “Әзірге олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Дәрігерлер зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр”, – делінген хабарламада. Жарылыстың себебі анықталған жоқ. Зардап шеккендер мен зақымданған көліктер саны анықталып жатыр.