Антикор Солтүстік Қазақстан облысында “Аграрлық несие корпорациясы” филиалының басшысын ұстады

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге тең. Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қосымша ақпар, егер сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөміріне шұғыл хабарласа аласыз.