Татарстанда мектепке шабуылда мерт болғандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр

Татарстанның Қазан қаласындағы мектепке шабуыл кезінде қаза болған тоғыз марқұм, бүгін, 12 мамырда жерленеді. Ал Ресей тергеушілері осыған дейін сотталмаған я қандай да бір жауапқа тартылмаған жігіттің мектепке шабуыл жасауына не түрткі болғанын тексеріп жатыр. 11 мамырда Қазандағы №175 мектепке 19 жастағы жігіт шабуыл жасап, жеті оқушы, бір мұғалім және бір қызметкер қаза болған. 23 адам жараланған, олардың 20-сы оқушы. Қазір олар ауруханада жатыр. Мерт болғандардың көбі мұсылман отбасынан. Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мектепке 19 жастағы Ильназ Галявиев шабуылдаған. Қазір ол қамауда. Татарстанның тергеу комитеті “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.