Қазақстанда 1824 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 21 адам қайтыс болды

Қазақстанда 11 мамырда 1811 адамның анализінен коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 10 мамырда 13 адамға коронавирус пневмониясы жұққаны анықталған. 21 адам өлімі тіркелген: 16 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Елде коронавирус алғаш анықталғалы бері (2020 жылдың 13 наурызы) 348 308 адамның Covid тесті оң шыққан. 3964-і қайтыс болған.