Теңіз портында жалған ПТР-анықтама жасаған фельдшер ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Оның айтуынша, жалған анықтама бағасы 3 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейін болған. “Тұрғылықты жерде жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде күдіктілерден 48 жалған ПТР-сынамасы, ноутбук, принтер және құжаттарды рәсімдеу үшін пайдаланылған басқа да кеңсе жабдықтары тәркіленді”, – деді Нұрділдә Ораз. Ол жалған құжат дайындағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылғанын еске салды.