Каратэ Олимпиада ойындарынан алып тасталды

Каратэ Олимпиада ойындарынан алып тасталды. Одан бөлек тізімнен бейсбол және софтбол ойындары алынды. Жаңа бағдарламаға брейк-данс қосылған. Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті турнирде таныстырылатын спорт түрлерінің тізімін жариялады. Ұйымдастыру комитеті бағдарламаның түпкілікті екенін және оны өзгертуге болмайтынын айтты. Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспиноса спорттың бұл түрі Олимпиада ойындарына оралуы керек екенін жеткізді. Айта кетейік, 2024 жылдың 26 шілдесінде Париж әлемді Олимпиада ойындарында үшінші рет қарсы алады.