ҰБТ-дағы видеолар тексерілді. Нәтижесінде 153 тестілеушінің ҰБТ нәтижесі жойылды. Оның ішінде 137-сі білім грантының иегерлері. Қазір олардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев осылай деп хабарлады. Оның айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.