Теміржол тасымалының жұмысы қайта шектелді. Коронавирус салдарынан пойыздардың жүру жиілігі қысқарады. Кейбір стансаларда жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынады деп хабарлайды ktk.kz. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында теміржолда бірқатар шектеу енгізілді. 9 қарашадан бастап “Алматы-Петропавл” жолаушылар пойызының жүру жиілігі күн сайынғыдан күнараға ауыстырылады, ал “Павлодар – Алматы” жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша қатынайды. Петропавл стансасынан пойызбен шығу үшін жолаушыларға міндетті түрде COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама алу қажет. Қоса кетсек, теміржол вокзалдарына күтіп алушылар мен шығарып салушыларға кіруге тыйым салынады.