Батыс Қазақстан облысында санитарлық бекеттер орнатылады

Батыс Қазақстан облысында санитарлық бекеттер орнатылады. Олар Орал қаласының периметріне және облыс аудандарына қойылады. Аймақтың санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 10 қарашадан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Құжат 23 қарашаға дейін жарамды болмақ. Десе де, шектеу шараларының мерзімі аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзартылуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметкерлерін қоспағанда, облыс тұрғындарына түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін көшеге шығуға тыйым салынады.