Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) 18 қыркүйекте Tengri Bank-тің барлық операция жүргізу бойынша лицензиясынан айырылғанын хабарлады.
Агенттік жетекшісі Мәдина Әбілқасымованың қолы қойылған хабарламада оған төмендегі жайттар себеп болғаны көрсетілген:
пруденция нормаларын (ұлттық банк бекіткен көрсеткіштер) жүйелі түрде бұзу;
қадағалау орындарының талаптарын жүйелі түрде орындамау;
меншікті капиталды арттыру үшін қосымша қаржыландыру шараларын қолдану бойынша агенттік талаптарын орындамау.
“Банктің қаржылық жағдайын нашарлатқан акционерлер мен менеджменттің әрекетіне арнайы органдар құқықтық баға береді” дейді агенттік.