Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі “5-10-20” – “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша несие беруді бастады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты.

Биыл “Шаңырақ” пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Оның 90 миллиард теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қаржыға 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр.

Жылдық мөлшерлемесі 5%-ке тең жеңілдетілген заем алу үшін азаматтар әкімдік кезегінде тұруы тиіс.
Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қарыз мөлшерінің кемінде 10%-ін құрайтын бастапқы жарна болуы қажет.
Несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.