Тіркелмеген көлік мінгендер жүргізуші куәлігінен айырылады. Әкімшілік кодекске енетін бірнеше түзету ресми жарияланды. Негізгі өзгерістердің бірі ретінде Әкімшілік кодексте 590-бабтың 2-1-бөлігі пайда болуын атауға болады. Аталған нормаға сай тіркелмеген көлік мінгендер 20 АЕК (61 260 теңге) айыппұл төлейді, бір жыл ішінде тәртіп сақшыларының көзіне қайта түссе, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Заң бойынша Қазақстанға шетелден келген көлікті он күн ішінде есепке қою керек. Алайда шетелдік нөмір таққан немесе транзиттік машинаны жылдап мініп жүргендер жетерлік. 18 қыркүйектен бастап оларға алдымен 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салады, тұрғын одан кейін де көлігін тіркемесе, 20 АЕК төлейді немесе бір жыл мүлде машина жүргізе алмайдыі. Нөмірсіз жүргендерге де билік осы жаза түрін қолданады.