Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне “ұшаққа немесе тікұшаққа мініп, елден кету” туралы ұсыныс болғанын, бірақ оны тыңдамай, өз резиденциясында түнегенін айтты. Тоқаев бұл жайында Ресейдің “Россия 24” мемлекеттік телеарнасына берген сұхбатында айтқан деп хабарлады Интерфакс. “Төңкеріс атаулының мақсаты – билікке басқа адамдардың келуі. Маған келсек, сол күндері осы жерде, президент резиденциясы ғимаратынан ешқайда шыққан жоқпын. Әрине, осында түнедім. Астанадан кетпейтінімді әу бастан айттым” деген Тоқаев “Россия 24” телеарнасының тілшісі Андрей Кондрашовке берген сұхбатында.