Тоқаев мемхатшы қызметін жойып, мемлекеттік кеңесші қызметін ашты

Бұл орынға Қарин тағайындалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы қызметін жойып, оның орнына мемлекеттік кеңесші қызметін ашты. Ал осыған дейін мемлекеттік хатшы болған Ерлан Қарин мемлекеттік кеңесші қызметіне ауысты. Президент қаулысына сай, мемлекеттік кеңесшіні президент тағайындайды және президентке бағынады. Мемлекеттік кеңесші президенттің ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарын тұжырымдайды; парламентпен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда, халықаралық қарым-қатынастарда президент атынан өкілдік етеді. Бұдан бөлек, білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша қызметтерді; мемлекеттік түрлі комиссиялардың, ұлттық құрылдайтың жұмыстарын үйлестіреді.