Тоқаев Алматыда бес адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Полицейлер мен сот орындаушысы өздерінің қызметтік міндеттерін орындады. Өкінішке қарай, олар шабуыл салдарынан қайтыс болды. Ешбір себеп адам өлтіру әрекетін ақтай алмайды. Өркениетті қоғамда мұндай даулар мен мәселелер тек қана заң аясында шешілуі тиіс. Бұл – нағыз трагедия. Оны жан-жақты зерттеу қажет. Мен Алматы әкімдігі мен үкіметке осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына, бірінші кезекте балаларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырамын. Немқұрайдылықтан және құқықтық нигилизмнен зардап шеккен балалардың еш кінәсі жоқ. Балаларымыздың қоғамымыз әділ екеніне сеніп өскені маңызды”, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда президент несие берушілер мен қиын жағдайда қалған борышкерлер арасындағы қарым-қатынас аясын заңды тұрғыда жетілдіруді тапсырды.