“Босқындарды қабылдауға үзілді-кесілді қарсымын”

Қазақстандағы ауған диаспорасының басшысы осылай деп мәлімдеді. Босқындарды әкелу және қабылдау қауіпті. Бұл оларға да, халыққа да зиян болады. Өйткені арасында кім бар екенін анықтау қиын. Ешкім радикал ұйым өкілін қайта тәрбиелей алмайды. Бұл Қазақстанға зиян тигізеді,- деді Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы “Ариана” ауған орталығының төрағасы Васток Ахмадулла. Қоса кетейік, Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар 1990 жылдардың басында келген. Бұл Ауғанстан Халықтық Демократиялық партиясының үкіметі құлаған кезде болды. Сол кезде 8000 босқынның 3000-нан астамы біздің елде қалған.