Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. «Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді», – деп жазды. Бірақ дерттің қатері әлі де сейілмегенін еске салды. «Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», – деді Президент.