Білім министрі колледжге оқуға түсетіндер үшін жақсы жаңалықты бөлісті

Қазақстанда колледжге оқуға түскендердің оқу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министр колледждерде академиялық дербестікті енгізу бойынша жұмыс қолға алынғанын атап өтті. “9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан екі жылға дейін, 11-сынып негізінде оқуға түскендер үшін екі жарым жылдан бір жарым жылға дейін қысқарту жоспарлануда”, – деді Аймағамбетов. Айтуынша, бұл нарыққа кадрлар даярлау мерзімін қысқартып, оның сапасын арттырып, білім бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді.