Қасым-Жомарт Тоқаев “Комсомольская правда” басылымына ауқымды сұхбат беріп, оның барысында Қазақстан аумағында Америка Құрама штаттарының әскери базасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
“Қазақстан аумағына АҚШ әскери базасын салу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, тіпті талқыланбайды. Алайда, Қазақстан мен Америка Құрама штаттары арасындағы энергетика, инвестиция және технология сияқты страгтегиялық салалар бойынша орнаған серіктестік қарқынды дамып жатыр” , – деді Тоқаев.