Тоқаев: Қазақстандағы орыстар – еліміздің ажырамас бөлігі

Қасым-Жомарт Тоқаев “Комсомольская правда” газетінде жарияланған сұхбатында “Қазақстандағы орыстар құқығы қаншалықты қорғалады” деген сұраққа жауап беру барысында қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамай, өздерін бір халық деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Орыстар – біздің халқымыздың ажырамас бөлігі, олардың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі өте зор және ұмытылмайды”, – деді Тоқаев.