Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорда. Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Путинге көңіл айтты. “Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын”, – делінген жеделхатта. Айта кетейік, бүгін Қазанда екі адам Джаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам қаза тапты. Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Қазан қаласында контртеррористік операция режимі енгізілді. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.