Мүфтият Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылатынын хабарлады. “Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз”, – делінген хабарламада. ҚМДБ таң атысымен мешітке баратын мұсылман жамағатын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды. Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. Қазақстан өңірлерінде Ораза айт намазы 13 мамыр таңғы жетіде оқылады.