Тоқаев Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағанын айтты, деп хабарлады Ақорда. Президент ел ағалары жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білгенін атап өтті. Ол елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс деп есептейді. “Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі ол еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді”, – деп түйіндеді президент.