Біз қазір Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз – Тоқаев

Президент барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады. «Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты», – деді мемлекет басшысы.