Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Республика күніне орай өткізілген салтанатты шара кезінде қазақ тілінің ахуалына тоқталды. “Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады” деді ол. – Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді, – деді Тоқаев. Ол тіл, ұлтаралық қатынасты “ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар” деп атап, “мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды” деді. “Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес” деді Тоқаев.