Тоқаев әрбір үйге көк байрағымызды ілуге шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туы әрбір үйде ілуге үндеді. “Біз домбыраға әр қазақтың төрінен орын бар дейміз. Бұл – дұрыс. Сол сияқты еліміздің әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз. Біздің туымызда халқымыздың бүкіл рухы көрініс тапқан. Оған елдің терең тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, бір сөзбен айтқанда, ұлт құндылықтарының барлығы сыйып тұр”, – деді мемлекет басшысы Ақордада өткен жиында. Осы орайда мемлекет мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілгенін еске салды. “Әрбір азаматымыз қастерлі Отанымызға деген сүйіспеншілігін мемлекеттік рәміздерге құрметі арқылы көрсете алады. Қазір байрағымызды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ”, – деп атап көрсетті Тоқаев.