Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай деді. “Адамдар арасында кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген жаңсақ пікір бар. Жоқ, Президент Twitter-де ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады. Берген тапсырмаларын да өзі жазып шығарады”, – деді Берік Уәли.