Тоқаев Twitter-дегі ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осылай деді. “Адамдар арасында кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген жаңсақ пікір бар. Жоқ, Президент Twitter-де ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады. Берген тапсырмаларын да өзі жазып шығарады”, – деді Берік Уәли.