Қасым-Жомарт Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті.