Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Қытайда есірткі тасымалдады деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Бас Прокуратура соңғы дерекпен бөлісті. Онда отандасымызды жазасын одан әрі елде өтеу үшін Қытай тарапы экстрадициялаудан бас тартқаны жазылған. Сондай-ақ, қазақстандық тараптың әлі де отандасымызды ауыстыру мәселесінде үміт үзбейтіні де жазылған. Яғни, Қытай соты сотталушы жазасын қысқартқан жағдайда Ақжарқынды елге қайтару мүмкін болмақ.