Тоқаев ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді. «Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық етеді. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады”, – деп жазды Берік Уәли Facebook-те.