Тоқаев ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Тоқаев ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді. «Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық етеді. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады”, – деп жазды Берік Уәли Facebook-те.