Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бибосынов пуэрторикалық Янкьель Ривера Фигероаға қарсы шықты. Екеуі де ашық бокстасты. Төрешілердің шешімімен Бибосынов 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген. Олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.