Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізіледі. Короновирус бар-жоғын анықтайтын тест құны демалушы азаматтар есебінен алынады. Осындай шешім қабылданды деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі. Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.