Алматыда тағы 22 мектепке “мина қойылды”

Алматыда тағы 22 мектепке “мина қойылды”. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. “Осы уақытқа дейін мина қойылған туралы хабарлама 34 жалпы білім беретін оқу орнына келді”, – деді полиция өкілдері. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әзірге 18 мектеп тексерілген. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Бұған дейін Алматыда белгісіз адам 12 мектепке “мина қойылды” деген ақпарат пайда болған. Барлық ғимаратты саперлер тексеріп жатыр.