Қуат Хамитовтың соты кейінге қалдырылды. Спортшы интернеттің нашарлығына байланысты сот отырысына қатыса алмаған. Сол себепті оның адвокаты сотты кейінге қалдыруды сұрады. Қуат Хамитовтың ісі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында онлайн-режимде қаралып жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Прокурор да басты айыпталушының қатысуынсыз сотты өткізуге болмайтынымен келісті. Кезекті соттың өтетін күні кейін хабарланатын болды. Айта кетейік, былтыр Қуат Хамитов қыркүйек айында тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға үндеген еді.