Зейнетақы жинағын алу тетігі қашан бекітіледі?

Зейнетақы жинағын алу механизмі қаңтар айының соңына дейін бекітіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осылай деп мәлімдеді. Негізгі заң әзірленді, одан кейінгілерді нормативтік құқықтық актілер ведомстволары әзірлеуі керек. Бізге қатысты мәселе – зейнетақы қаражатын тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану. Оның механизмі дайындалып жатыр”, – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі. Еске салайық, мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге алу мәселесі бойынша ереженің ұзақ бекітілуіне наразы болды. Ол “бұл ережелер түрлі келісім мен бекіту үшін кабинеттер арасында “серуендеп жүр” деген болатын.