Тергеу барысында 16 шілдеде «Эйр Астана» компаниялар тобына кіретін Fly Arystan бөлімшесінің Алматы-Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіктірілгені анықталды. Ұшуды күткен кезде осы рейстің жолаушыларына Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісінше ұсынылмаған. Осыған байланысты авиакомпанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.