Ұзынағаштағы атыстан бір адам қаза тапты

Екеуі жараланды. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлады. Белгілі болғандай, Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған. «Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», – делінген хабарламада.