Оның көлемі – 19 250 еуро. Айыппұл УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін салынған. «Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз!” Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны алдында жанкүйерлерге осындай үндеу жариялады. Еске салайық, Қазақстан мен Әзірбайжан ойыны 3 маусым күні “Астана Аренада” өтеді.