Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды

Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин осылай деп мәлімдеді. “Үкімет бекіткен ең басты норма – барлық әскери қызметші мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын 2016 жылға дейін жинақтау жүйесінде болғанбыз. Зейнет жасы бойынша ұзарту «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда қарастырылған. Биыл ол заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, әскери қызметшінің жасын 5 жылға дейін созуға болады”, – деді Қайыржан Бимолдин.